Зәмзәм су — Объявленине на GoSauda

    Продукты питания / Напитки / Продам

    Описание:
    Зәмзәм бұлағы қасиетті Кағбадан шамамен 21м. қашықтықта орналасқан. Әуелде жердің бетінде көрініп тұратын еді. Жыл өткен сайын, қажылардың санының көбеюіне байланысты тауаф жолын кеңейту мақсатында зәмзәмды төменгі қабатқа көшірді. Бүгінде зәмзәм бұлақтары толығымен жауылған, қасиетті су құбыр арқылы шүмектен шығарылуда. Зәмзәм суы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Жер бетіндегі ең қасиетті су зәмзәм суы. Ол әрі ас, әрі шипа,-деген. Демек, сіз ішкен зәмзәм жер бетіндегі ең қасиетті су. Бұған қоса, зәмзәм бұлағы әлемдегі ең киелі жер Мекке қаласында Кәғбаның жанында. Ғалымдардың айтуынша, бұлақтың пайда болғанына шамамен 5 мың жыл болған. Заманауи зерттеулер нәтижесі зәмзәмнің ең таза су екендігін анықтап отыр. Зәмзәм суының қасиеті туралы Сахаба Жабирден (р.а.) риуаят етілген тағы бір хадисте: Зәмзәм ішкен ниетке байланысты,-делінеді. Ал, Ибн Аббас (р.а.) зәмзәм ішкенде: Аллаһым! Сенен пайдалы ілім, мол ризық-несібе және барлық дерттен шипа сұраймын,-деп дұға етеді екен. Осыған орай, зәмзәм су болғанымен оның аш адамды тойдыратын, науқасқа дәру болатын шипалық қасиеті бар екенін де айта кеткен жөн. Имам Шафиғи (р.а.): Зәмзәмді үш тілек айтып іштім. Мерген болайын деп, менің атқан он жебемнің оны да нысанаға дөп тиеді. Әйтпесе, оннан тоғызы тиеді. Ілім сұрап іштім, ілімдегі орным өздеріңе мәлім. Жәннат сұрадым, ол тілегім де қабыл болады деп үміт етемін,-деген екен. Сондықтан, зәмзәмді ішер алдында дүниелік және ақыреттік тілектерді айтып дұға жасап ішкен дұрыс.

    Пользователь: Компания

    Дополнительно:

    Адрес: Кандыагаш, Актюбинская область, Казахстан

    Оставьте заявку продавцу и он вам обязательно ответит

    Похожие объявления
    СРОЧНО ПРОДАМ ПИВНОЕ ОБОРУДОВАНИЕ!!!
    300 000 ₸
    Алматы, Казахстан
    20.11.2023, 16:57
    Lit energy инергетик классик
    750 ₸
    Алматы, Казахстан
    29.08.2023, 22:12
    Lit energy инергетик
    750 ₸
    Алматы, Казахстан
    29.08.2023, 22:08
    Открылся кафе Смайлик
    1 000 ₸
    Атырау, Казахстан
    04.07.2023, 23:57
    avatar
    Компания "hadiya_muslin_shop"
    Показать номер
    Все объявления

    Точный адрес

    Казахстан, Актюбинская область, Кандыагаш